09 ақпан 2021 08:28

Зеленский Украинаға НАТО әскерін кіргізуге рұқсат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Украина президентінің баспасөз қызметінен Фото Украина президентінің баспасөз қызметінен

Украина президенті Владимир Зеленский НАТО Қарулы күштерінің бөлімшелеріне 2021 жылы Украина аумағына көпұлтты оқу-жаттығуларға қатысуға рұқсат беретін заңға қол қойды. Бұл туралы дүйсенбіде мемлекет басшысы кеңсесінің баспасөз қызметі жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Украина президенті Владимир Зеленский НАТО Қарулы күштерінің бөлімшелеріне 2021 жылы Украина аумағына көпұлтты оқу-жаттығуларға қатысуға рұқсат беретін заңға қол қойды. Бұл туралы дүйсенбіде мемлекет басшысы кеңсесінің баспасөз қызметі жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Украина аумағында барлығы сегіз көпұлтты жаттығу ұйымдастырып, оған 21 мыңға жуық украиналық әскер және 11 мыңға жуық шетел әскерін тарту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Қарулы күштердің бөлімшелерін дайындауға арналған көпұлтты жаттығулар, Rapid Trident 2021 украиналық-америкалық жаттығулар, Sea Breeze 2021, riverine 2021 украиналық-румыниялық жаттығулар, "Үш қылыш-2021" украиналық-польшалық жаттығулар, Warrior Watcher 2021 украиналық-ұлыбританиялық жаттығулар және басқасы өтеді.

Сонымен қатар, құжатта Украина әскерінің шетелдегі 17 көпұлтты жаттығуға, атап айтқанда НАТО елдері және Грузиямен бірге қатысу жоспары бар.

Украина заңнамасына сәйкес, елде заңда көзделмеген әскери құрылымдардың жұмыс істеуіне тыйым салынады. Сондай-ақ Украинада шетелдік әскери базаларды орналастыруға жол берілмейді, сондықтан шетелдік әскерлер президенттің ұсынысы бойынша арнайы заң бойынша елге кіргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети