Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін қызметінен босатты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін қызметінен босатты Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский Петр Врублевскийді Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский Петр Врублевскийді Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зеленский қол қойған тиісті жарлық Украина президенті кеңсесінің сайтында жарияланды.

"Врублевский Петр Юрьевич Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылсын", - делінген жарлықта.

Петр Врублевский 1970 жылы 15 шілдеде дүниеге келген. Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Түрлі құқықтық және қаржылық құрылымдарда жұмыс істеген. 1997 жылдан дипломатиялық қызметте. Украинаның Индонезиядағы, Тайландтағы, Вьетнамдағы елшіліктерінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, Украина Президентінің Хатшылығында және премьер-министрінің Кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған.

Қазақстандағы Елші болып тағайындалғанға дейін Украинаның Беларусьтегі елшілігінің министр кеңесшісі қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети