22 қыркүйек 2021 16:16

Зеленскийдің кеңесшісіне жасалған қастандық: көліктің суреті жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/UA.National.Police Фото: facebook.com/UA.National.Police

Украинада 22 қыркүйекте президент Владимир Зеленскийдің бірінші көмекшісі Сергей Шефирге қастандық жасалды. Украинаның Ұлттық полициясы Facebook-парақшасында қарулы шабуылдан кейінгі көліктің суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Украинаның Ішкі істер министрлігі мәліметінше, президенттің бірінші кеңесшісі Сергей Шефирдің көлігіне шабуыл жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 13.00) шамасында Лесники ауылы маңында жасалған.

Жалпы қылмыскерлер көлікке 10-нан аса оқ атып, жүргізушіні жаралаған.

Бұған дейін 22 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Сергей Шефирге қастандық жасалғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети