Зимбабве президенті Роберт Мугабе АҚШ-тағы бір жынысты некелердің заңдастырылуына ерекше көзқарас білдірді, - деп хабарлайды "Вести.Ru". 91 жастағы саясаткер АҚШ-та мұндай некелерге рұқсат етілген болса Барак Обамамен некеге тұруға дайын екенін айтты.
Зимбабве президенті Роберт Мугабе АҚШ-тағы бір жынысты некелердің заңдастырылуына ерекше көзқарас білдірді, - деп хабарлайды "Вести.Ru". 91 жастағы саясаткер АҚШ-та мұндай некелерге рұқсат етілген болса Барак Обамамен некеге тұруға дайын екенін айтты.
"Президент Обама бір жынысты некелерді қолдайтын болса және гомосексуалдарды қорғайтын болса, мен қажет болса Вашингтонға барып, тізерлеп отырып, оған ұсыныс жасауға әзірмін", - деп мәлімдеді Зимбабве басшысы.
Айта кетейік, оның сөзін жергілікті ақпарат құралдары былай түсіндірді: "Ол егер Обаманың секс-азшылықты қолдайтын болса, оның көгілдір болуы мүмкін екенін айтты. Мугабе оның бір жынысты некелердің идеясының күлкілі екеніне осылайша назар аударғанын айтады", - деп жазды The Zimbabwe Daily басылымы. Айта кетейік, Мугабе гомофобтық мәлімдемелерді жиі жасайды, нақтырақ айтсақ, Зимбабведе танымалдығы артқан Обаманы жағымсыз етіп көрсеткісі келеді. Бұған дейін ол былайша мәлімдеме жасаған болатын: "Әкесі африкалық болған мына америкалық президент Обама егер гомосексуалдарды қолдамасақ бізге қолдау көрсетпейтінін айтады. Біз одан сізді гомосексуалдар туды ма деп сұраймыз. Біз тұқымымызды жалғастыра беруіміз керек, ол үшін секс-азшылықтар емес, ер адам мен әйел керек".
Еске салайық, 26 маусымда АҚШ-тың Жоғарғы соты бір жынысты некелерге ресми түрде рұқсат берген еді. Обама мұны ірі әрі маңызды қадам деп атады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри болса бұл жетістікпен тоқтап қалмайтындарын да мәлімдеді. Ол америкалықтардың бір жынысты некені әлем бойынша мойындатуға тырысуы керектігін мәлімдеді.