Жоғалған ұшақтың қалдықтарына ұқсас заттар табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғалған ұшақтың қалдықтарына ұқсас заттар табылды Фото: EPA

Жоғалған ұшақтың қалдықтарына ұқсас заттар Австарлия жағалауынан табылған, деп хабарлайды, Tengrinews.kz AFP сайтына сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Австралия премьер-министрі Тони Абботт мәлімдеген. Фрагменттер Перт қаласының батысына қарай Үнді мұхитының аумағында табылған. Осы аймаққа жедел түрде іздеу операцияларымен айналысатын 4 ұшақ жіберілген. "Жоғалған ұшақтың қалдықтарына ұқсас нысандарды анықтау өте қиынға түседі, мүмкін бұл нысандардың ұшаққа қатысы да болмауы мүмкін", деді премьер-министр. Сондай-ақ ол өзінің Малазия премьер-министріне хабарласып, Үнді мұхитының оңтүстігінде жоғалған ұшақтың іздестірілуі туралы "жаңа әрі сенімге тұрарлық ақпарат" бергенін хабарлады. Қазіргі таңда Малазиялық Boeing-ті іздеуге Ресей де атсалысып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Қытай ұшақ қалдықтарының фотоларын жраиялаған болатын. Алайда кейіннен белгілі болғандай, бұл қалдықтардың малазиялық Boeing-ке қатысы болмай шықты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети