Жоғалып кеткен малайзиялық Boeing ұшағының қирандылары Үнді мұхитында табылды делінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғалып кеткен малайзиялық Boeing ұшағының қирандылары Үнді мұхитында табылды делінді © Tengrinews.kz

Үнді мұхитының Реюньон француз аралында бір жылдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен малаизиялық Boeing ұшағының қирандылары табылды делінді, - деп хабарлайды РИА Новости француздың France Info радиостанциясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үнді мұхитының Реюньон француз аралында бір жылдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен малаизиялық Boeing ұшағының қирандылары табылды делінді, - деп хабарлайды РИА Новости француздың France Info радиостанциясына сілтеме жасап.

"Еске салу: тіркеу номері 657BB. Ол Boeing ұшағыныкі, бұл нақты ақпарат", - деп келтіреді радиостанция сарапшы Ксавье Тительмананның сөзін. Айта кетейік, осыған дейін тағы бір сарапшы Жан Серра малайзиялық әуе лайнерінің қирандыларының табылғанын "позиция номері" арқылы дәлелдеуге болатынын айтқан еді. Бұл номерді ұшақтың барлық бөлігінде тауып алуға болады.

Ұшақтың қирандыларын Аустралия мен Франция билігі тексереді, Малайзия сол ауданға мамандарды жіберді. АҚШ-тың ұшу қауіпсіздігі саласындағы мамандары табылған қирандының Boeing 777 ұшағына ұқсайтынын, алайда әзірше нақты мәлімдеме жасай алмайтынын хабарлады.

Еске сала кетейік, Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағытталған Boeing 777 ұшағы 2014 жылы 8 наурызда жоғалып кеткен болатын. Ұшақ бортында 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі болған. Бірнеше елдің қатысуымен іздеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатыр, алайда ешқандай нақты мәлімет жоқ. 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети