Жолаушылар ұшағы шұғыл түрде Майндегі Франкфурт қаласына қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жолаушылар ұшағы шұғыл түрде Майндегі Франкфурт қаласына қонды Фото mirror.co.uk сайтынан алынды

"Милан-Осло" рейсіне қатынайтын Scandinavian Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы иллюминаторға сызат түсудің салдарынан жедел түрде Майндегі Франкфурт әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп жазады The Daily Mirror.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Милан-Осло" рейсіне қатынайтын Scandinavian Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы иллюминаторға сызат түсудің салдарынан жедел түрде Майндегі Франкфурт әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп жазады The Daily Mirror.

Басылымның мәлімдеуінше, оқиға 16 мамыр күні болған. Жолаушылар ұшағының бортында неше адам болғаны әлі белгісіз. Бірақ жолаушылардың бірі өзінің орындығының алдындағы иллюминатордың (ұшақтың дөңгелек терезесі) жарылғанын байқап, дереу экипажға хабарлаған. Иллюминатордың сыртқы бөлігі бүлінген екен.

Кейін әуекомпанияның өкілі қауіпті ештеңе болмағанын, пилот ұшуды ары қарай жалғастыра беретінін, алайда жолаушыларды тыныштандыру үшін ұшақты жедел түрде қондыруға шешім шығарғанын хабарлады. Майндегі Франкфурт әуежайына қонғаннан кейін ұшақты тексерту үшін Норвегияның Осло қаласына жөнелтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети