16 шілде 2014 14:22

Ауыр атлеттер Храпатый турнирінде күш сынасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анатолий Храпатый. ©Аstana2030.narod.ru Анатолий Храпатый. ©Аstana2030.narod.ru

19 шілде күні Алматыда ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының чемпионы Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


19 шілде күні Алматыда ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының чемпионы Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәстүрге айналған бұл турнирге биыл еліміздің ең мықты деген зілтеміршілер қатысады. Ауыр атлеттер Храпатый турнирінде Азия біріншілігі мен Әлем чемпионатына қатысу құқығын сарапқа салады. 

Өткен жылдан бастап, Қазақстан ауыр атлетика құрамасы үш топқа бөлініп жаттығып жүр. Оның бірінші тобын Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин бастап келеді. Бұл құрамада Алмас Өтешов, Владимир Седов сынды ауыр салмақтағы жігіттер бар. 

Екінші топты Вилорий Пак өз қолына алған. Оның бастамасымен бүгінде Александра Аборнева, Карина Горичева, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Мария Грабовецкая сынды зілтеміршілер жаттығуда. 

Ал Энвер Түркелери баптайтын үшінші топта кіл мықтылар жиналған. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының чемпиондары Майя Манеза, Светлана Подобедова, Зулфия Чиншанло және Анна Нұрмағанбетова, Жазира Жаппарқұл, Арли Чонтей, Фархад Харки, Кирилл Павлов және т.б. спортшылар бар.

Бұл үш құрамада 19-20 шілде аралығында Алматыда өтетін Анатолий Храпатыйды еске түсіруге арналған турнирге қатысады. Өйткені, аталмыш турнирдің қорытындысы бойынша ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасын бас бапкері Алексей Ни биылғы жылдың басты додасы Азия біріншілігі мен Әлем чемпионатына қатысатын зілтеміршілерді іріктеп алады. Айта кетейік, ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда турнирге Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Беларусь, Украина елдерінің де спортшылары қатысады деп күтілуде. 

Анатолий Храпатый 1962 жылы Ақмола облысының Атбасар ауданында дүниеге келген. Ол КСРО-ның екі дүркін чемпионы, әлемнің бес дүркін, Еуропаның бес дүркін чемпионы, Сеул Олимпиадасының чемпионы, Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері. Храпатый 2008 жылдың 11 тамызында (45 жасында) Астана - Алматы тас жолында көлік апатынан қайтыс болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети