14 желтоқсан 2015 09:12

Қазақстандық ауыратлет Аборнева РФ Президенті Кубогында күміс медаль алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александра Аборнева. © Vesti.kz Александра Аборнева. © Vesti.kz

Қазақстандық ауыратлет Александра Аборнева РФ Президенті Кубогында күміс медаль алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық ауыратлет Александра Аборнева РФ Президенті Кубогында күміс медаль алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Аборнева 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Екі жаттығу қорытындысы бойынша ол 256 (113+143) келі жинады. Алтын медаль америкалық Сара Элизабет Роблеске бұйырды. Ол екі жаттығу қорытындысы бойынша 278 келі жинады. Ал қола жүлдені 247 келімен Румыния ауыратлеті Андреа Аанеи алды.

Айта кетейік, РФ Президенті Кубогында бұған дейін Светлана Подобедова 75 келіге дейінгі категорияда күміс жүлде алған болатын. Сонымен қатар, 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Денис Ұланов және 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Александр Зайчиков күміс жүлде иеленді. Дәл осы салмақ дәрежесінде Илья Ильин алтын медаль жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети