01 қараша 2021 15:33

Қазақстандық бодибилдер әлемнің абсолют чемпионы атанды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анастасия Щекотилова. Фото: IFBB EastLabsPhoto ресми медиа серіктестерден Анастасия Щекотилова. Фото: IFBB EastLabsPhoto ресми медиа серіктестерден

Қазақстандық Анастасия Щекотилова Латвияда фитнес және бодибилдингтен өткен чемпионатта әлемнің абсолют чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Анастасия Щекотилова Латвияда фитнес және бодибилдингтен өткен чемпионатта әлемнің абсолют чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17-19 қазан аралығында Латвия астанасы Ригада Халықаралық бодибилдинг және фитнес федерациясы демеушілігімен IFBB World Fit Model Championships өтті. Алматылық Анастасия Щекотилова "Фитнес-модель" номинациясында әлемнің абсолют чемпионы атанды.

"Бұл әсерді сөзбен айтып жеткізе алмаймын, бәрі ойдағыдай болғанына қанағаттанамын. Жеңетініме сенімді болғаныма қарамастан, қолымнан келгеннің бәрін жасадым, жұмсаған барлық күш-жігерім бағаланды. Бұл жолғы жеңіс те ерекше, өйткені жаттықтырушым бірге болды. Бұл, әрине, жеңіске жетуімде үлкен рөл атқарды", - деп Анастасия өз әсерін бөлісті.

Фото: IFBB EastLabsPhoto ресми БАҚ серіктестерінен

Бойжеткен мамандығы бойынша экономист, бірақ 2019 жылдан бері фитнес-модель болуды ұйғарған. Ол бодибилдингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Бапкері - Ұлпан Нұрбекова. Анастасия 2021 жылғы Қазақстан кубогының абсолют чемпионы атағын жеңіп алды, Еуропа чемпионы атанды, сонымен қатар Arnold Classic 2021 турнирінің екі дүркін және абсолют чемпионы атанған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🌟IFBB Fitness Model KZ🌟 (@lokolosss)

Еске салайық, 2021 жылдың қыркүйегінде Испанияда өткен Arnold Classic Europe турнирінде алматылық чемпион атанған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети