06 ақпан 2017 09:34

Қазақстандық боксшы қыз жекпе-жек әлеміндегі ең сымбатты қыздардың рейтингінде көш бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің AllFight.ru басылымы жекпе-жек әлеміндегі ең тартымды қыздардың рейтингін жасады. 


Ресейдің AllFight.ru басылымы жекпе-жек әлеміндегі ең тартымды қыздардың рейтингін жасады. 

Рейтингте қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпова  (2-1, 1 КО) көш бастап тұр. Боксшы қыз рейтингте MMA әлеміндегі бірден төрт боксшыны басып озған.

"Ол Қазақстанда бірнеше рет чемпион атанды және Азия чемпионатының жүлдегері. Кәсіпқой боксқа өткен соң, Фируза әлем чемпионы атағы үшін күресіп жатыр. Спортшы қыз тек жұдырықтарымен емес, сондай-ақ сұлулығымен де жеңіп шығады. Ол туралы әлемдік БАҚ-тар жазып, спортшыны "бокс әлеміндегі Мария Шарапова" деп атайды. Фируза жақында ғана Қазақстанның ең тартымды спортшысы атанып, "Тақтар ойынына" түсуге үміткер болды", - деп жазады AllFight.ru басылымы.

Айта кетейік, рейтингте қазақстандық спортшыдан кейін 2-орында америкалық 22 жастағы Пейдж Ванзант тұр.


© bleacherreport.com

3-орында америкалық Миша Тейт. Ол 2016 жылдың қарашасында UFC-дегі мансап жолын аяқтаған болатын.


© mmaboi.ru

Рейтингте 4-ші болып UFC экс-чемпионы америкалық Ронде Роузи тұр.

Ал 5-орында ресейлік Анастасия Янькова тұр. 


© Men's Health

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети