20 қыркүйек 2014 14:44

Кореяда қалта телефоны қанша тұрады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Бесбаев Азия ойындарының ашылу салтанатында. Фотоны түсірген – Еламан Қоңыр. Олжас Бесбаев Азия ойындарының ашылу салтанатында. Фотоны түсірген – Еламан Қоңыр.

 Кореяда оқитын қазақ студенті Азия ойындары кезінде Инчхондағы біздің делегацияға тілмаш болып жүр, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


 Кореяда оқитын қазақ студенті Азия ойындары кезінде Инчхондағы біздің делегацияға тілмаш болып жүр, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Инчхонға келіп, Медиа қалашықтың (Media Village) кіре берісіндегі тәртіп сақшыларымен түсінісе алмай тұрғанбыз. Олимпиада қалашығындағы Қазақстан делегациясынан бір аудармашы келді. Штаб басшылары жібергенге ұқсайды.

Қазақтың жас жігіті екен, кәріс тілінде мүдірмей сөйлейді. Қайдан келгенін, кәріс тілінде сөйлеу сырын сұрап жатырмыз. Сеулде оқитын студент екен. Сол кезде арамыздағы жігіттердің бірі "бұл жақта Самсунгтің бесінші буын ұялы телефоны қанша тұрады, өздері шығарады ғой, арзан шығар" деп қойып қалды.

Әлгі жігіт "таза қазақы сұрақ", – деп кейіді. Күліп жатырмыз. "Неге бұлай таусылдың", – дейміз, біз де. "Осында келген қазақтардың ең бірінші сұрағы – осы, аға. Бәрі бірден ұялы телефонның бағасын, содан соң автокөліктің бағасын сұрайды" деді жаңа танысымыз.

Содан соң Самсунгтің бесінші буын ұялы телефонының бағасы 600 доллардың шамасында екенін айтты. Арамыздағы жігіттер "біздегімен салыстырғанда соншалықты арзан емес екен", – деп еді, ол "біздегі Вьетнамда шығатындары ғой, мында таза кореялық, айырмашылығы сол", – деді.

Жігіттер ұялы телефонның бағасын білген соң, емін-еркін жөн сұрауға көштік. Дене бітіміне қарасаң, спортшыға ұқсас жаңа танысымыз Сеул ұлттық университетінде оқиды екен. Магистрант. Спорт менеджменті мамандығы бойынша білімін жетілдіріп жүрген көрінеді. Аты-жөні – Олжас Бесбаев.

Жазғы Азия ойындары кезінде тәжірибеден өтуге келген екен. Төрт тілді жетік меңгерген – қазақ, орыс, ағылшын және кәріс тілдерін.

Өзі Қазақстанда таэквондомен айналысқан. Осы спорт түрінен – спорт шебері. Таэквондодан екі рет Қазақстан кубогының иегері атанып, үш рет ел чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған.

Туған жері – Жезқазған қаласы. Бірақ Астанаға қоныс аударыпты. "Оқуымды бітірген соң туған елге ораламын", – дейді бойы сырықтай, денесі тығыршықтай Олжас...

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети