17 наурыз 2015 14:41

Сабина Алтынбекова Азияның ең әдемі спортшыларының қатарына енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Алтынбекова. ©Instagram Сабина Алтынбекова. ©Instagram

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова индонезиялық БАҚ-тың тұжырымы бойынша ең көрікті спортшылардың тізіміне кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова индонезиялық БАҚ-тың тұжырымы бойынша ең көрікті спортшылардың тізіміне кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Соңғы кездері Азияның ең көрікті спортшылары туралы айтыла бастаса, 2014 жылы аса танымалдыққа ие болған Сабина Алтынбекованың есімі ойға бірден оралатын болды, бірақ оған спорттың басқа түрімен айналысатын қыздар лайықты бәсекелес бола алады. Қызықтыңыздар ма?", - деп бастапты рейтинг авторы өзінің материалын. Азияның ең көрікті спортшы қыздарының тізімін мына жерден көруге болады.

Еске сала кетейік, 18 жастағы волейболшы Сабина Алтынбекова Азияда 2014 жылы танымал болған еді. Азия жастар арасындағы чемпионатта оның сұлулығына жанкүйерлер мен журналистер назар аударып, бұдан кейін қазақстандық жас спортшы атақты бола кетті. Оған көптеген ұсыныстар түсті, тіпті белгілі брендтердің тұлғасы болу туралы ұсыныстар болды. Бірақ волейболшы өзін тек волейболға арнап, оқуын жалғастыратынын айтты. Сонымен қатар, бұған дейін Сабина Алтынбекованың Индонезия волейболын дамытуға үлес қосатыны туралы ақпарат пайда болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети