20 желтоқсан 2014 11:57

Сочи Олимпиадасы жүлдегеріне вандализмі үшін айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Николас Геппер. Фото zastavki.com сайтынан Николас Геппер. Фото zastavki.com сайтынан

Сочи Олимпиадасында слоупстайлдан қола медаль жеңіп алған америкалық спортшы Николас Гепперге вандализм жасады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Vesti.ru.


Сочи Олимпиадасында слоупстайлдан қола медаль жеңіп алған америкалық спортшы Николас Гепперге вандализм жасады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Vesti.ru.

Индиана штатындағы Хидден-Вэлли-Лэйк қаласы полициясының мәліметінше, бұл оқиға өткен тамыз айында болған. Бір ер адам жергілікті спорт кешенінің жанынан өткен сегіз автокөлікті таспен атқылаған. Оқиға орнына келген полицейлер бұзақыны көреді, бірақ ол орманға қашып кетіп, ізін жасырады. 

Өткен жұма күні полиция бөліміне 20 жастағы танымал спортшының өзі келіп, вандализм әрекетіне кінәлі екенін мойындады. Геппер көлік иелеріне барлығы 8,2 мың доллар көлемінде шығын келтірген. Фристайлшы келген шығынды толық өтеп беруге келісті. Адвокатының айтуынша, сол уақытта Гепперді мазасыздық пен күйзеліс ұстамасы ұстап қалған, оқыс мазасыздықтың салдарынан ол көліктерге тас лақтыра беріпті. Спортшы өз әрекеті үшін кешірім сұрап, енді мұндай жағдайды қайталамауға уәде берді. Оған қандай жаза берілері әзірше белгісіз.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети