25 ақпан 2014 17:41

Уайлд секілді күйеу бала іздеу керек пе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

А.Заварзина мен В.Уайлд. Фото: moscvichka.ru А.Заварзина мен В.Уайлд. Фото: moscvichka.ru

ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан спортшылары жалқы жүлдені көңілге медеу тұтты... Сочиден қайтып келе жатып, ел спорты басшыларын сөзге тартуға тырысқанымызда, олардың біреуі көптен көкпарға тартылып жүрген өзекті мәселені көсеп өтті: – Осы бір легионер алсақ, журналистер тарпа бас саласыздар. Әне қараңыздаршы, Ресей секілді спорт саласындағы ірі державаның өзі легионерлерге жүгініп, солардың арқасында басқа жүлделерін санамағанда, бес алтын алды. Осылай аузымызды құр шөппен сүртіп, салымыз суға кетіп қайтқанымыз жақсы ма, әлде легионер-спортшының арқасында алтын алып, туған елге көңілді оралғанымыз дұрыс па? – деп өзімізге қарсы сұрақ қойды. Әрине, басшыларға бұлай томсырайып қайтқан тиімді емес. Өйткені олар ертең Елбасы мен Үкіметтің алдында жауап береді. Сөз естиді, «таяқ» жейді. Жалпы, осы жолы басшылар бапкерлер құрамын күшейту керек екендігін айтып отыр. Кейбір спорт түрлеріндегі бапкерлеріміз өздеріне жүктелген тапсырма мен міндеттемені орындай алмады. Өздеріне артылған сенімді ақтамады. Қайсыбір спортшылар арасында бірлік, татулық жоқ. Тіпті бір-бірінің шаңғысы мен бапкерлерін санауға көшкендей. Осы тұрғыда босаңдық танытып алған бапкерлеріміз бар секілді. Бәлкім, шет елден білікті бапкерлер шақырту керек шығар? Әлде көрікті қыздарымызға Вик Уайлд секілді күйеу бала да іздеуіміз керек пе?!.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети