29 қараша 2023 16:10

УЕФА стандартына сай: ҚФФ өңірлерде тағы үш жаңа футбол алаңын салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысында "ALAÑ" бағдарламасы аясында жаңартылған футбол алаңдары бой көтерді, - деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі. Кең ауқымды жаңарту жұмыстары Б.Оңғаров атындағы стадионында (Жетісу облысы, Балпық би ауылы) және "Цементник" (Шымкент қ.) пен ЦСКА (Алматы қ.) стадиондарында жүргізілді. Осыған дейін, Ақтөбе қаласындағы №2 БЖСМ аумағында жаңа алаң пайдалануға берілген болатын.


Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысында "ALAÑ" бағдарламасы аясында жаңартылған футбол алаңдары бой көтерді, - деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі. Кең ауқымды жаңарту жұмыстары Б.Оңғаров атындағы стадионында (Жетісу облысы, Балпық би ауылы) және "Цементник" (Шымкент қ.) пен ЦСКА (Алматы қ.) стадиондарында жүргізілді. Осыған дейін, Ақтөбе қаласындағы №2 БЖСМ аумағында жаңа алаң пайдалануға берілген болатын.

Айта кетсек, 2023 жылдың шілде айында ҚФФ бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында "ALAÑ" атты елімізде футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізді. 3 жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Басты мақсат – республикадағы спорт инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау. Жобаның бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы.

"Бұл біздің республикамыздағы футболдың болашағына қосқан үлесіміз. Бұқаралық футбол үшін қолайлы жағдай жасау Қазақстан футболын дамыту стратегиясындағы басты міндеттердің бірі. Алға қойған мақсаттарымыз көп. Осындай заманауи алаңдарды қалалар мен ауылдарда саламыз. Қайта жаңарту бағдарламасы спорттық инфрақұрылымды жақсартуға оң әсер тигізіп ғана қоймай, футболдың дамуына серпін береді. Мемлекетіміз болашақта жоғары деңгейдегі футболистерді көретініне сенімдімін", - деді Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділет Бәрменқұлов.

Айта кетсек, Шымкент және Жетісу облысының әкімдері әлеуметтік жобаның жүзеге асқанына жоғары баға берді. Ашылу салтанатына орай, балалар футбол фестивальдері ұйымдастырылды, ал футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері мен "ALAÑ" жобасының бренд-амбассадоры Магомед Адиев жас спортшыларға ашық жаттығулар өткізді. Сонымен қатар, ҚФФ іс-шараға келген қонақтарға футбол доптары мен сыйлықтар тарту етті. Жалпы, бағдарлама аясында елімізде 20 футбол алаңдары қайта жаңартылады.

"Алаңның техникалық сипаттамалары еуропалық клубтардың барлық талаптарына сәйкес. Біз Италиядан сертификациядан өткен көгалды әкелдік және оның жоғары сапасына "Интер" мен "Аталанта" футбол клубтары оң баға берді. Жаңғырту жұмыстары толық ашық түрде, барлығын біздің сайттан көре аласыздар. Біз реновацияға көп өтінім қабылдадық. Келесі жылы тағы да жаңа жаңартылған футбол алаңдарының тұсауын кесеміз", - деді "ALAÑ" жобасының жетекшісі Сергей Попов.

Жаңартылған футбол алаңдары аймақтық атқару органдарына қайтарымсыз негізде беріледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALAÑ (@alan_kazakhstan)

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети