16 ақпан 2014 19:40

Юлия Галышева сыйақысыз қалмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Роза Есенкулова Фото ©Роза Есенкулова

Қазақстандық могулшы Юлия Галышеваға Сочидағы Олимпиада ойындарына қатысқаны үшін сыйақы берілетін болды. Бұл туралы Vesti.kz сайтына берген сұхбатында ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігінің басшысы Тастанбек Есентаев айттты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ертеректе хабарлағанымыздай, Галышева Олимпиада ойындарында жетінші орын алған болатын. Үздіктердің қатарында өнер көрсету үшін бұл спортшыға 0,04 ұпай жетпей қалған. "Біздің демеушілеріміз бар. Сондықтан да Галышеваны сыйақысыз қалдырмаймыз. Юлияны да мадақтаудың жолын табамыз. Егер ол үздік алтылықтың қатарына енгенде, сөзсіз жүлде үшін таласатын еді. Дегенмен, оның бұл көрсеткет нәтижесін назардан тыс қалдырмаймыз. Дмитрий Рейхард та өзінің бар шеберлігін көрсетіп, бесінші орын алды. Біз таланттарды бағалаймыз", - дейді Есентаев. Айта кетейік, фристайлдың могул бәсекесінде жетінші орын алған Юлия Галышева жарыс қорытындысынан кейін үлкен спорттан кететіндігін айтқан еді. Естеріңізге сала кетейік, Сочиде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалғыз қолаға қол жеткізді. Ол медальды қоржынға мәнерлеп сырғанаушы Тенис Ден салды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети