08 сәуір 2024 08:51

Адам өлтіргендер, қарақшылар: биыл Қазақстан полициясы тағы кімдерді ұстады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Іздестіру жұмысы - ішкі істер органдарының қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі. Оның мақсаты - жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету. Жыл басынан бері ІІМ криминалдық полициясы іздеуде жүрген 633 қылмыскерді ұстады, олардың ішінде адам өлтірген - 17, 15 тонаушы, 9 қарақшы, 7 бопсалаушы және 35 есірткі қылмыскері бар, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қылмыскерлерді іздеу тек Қазақстанда ғана емес, шет елде де жүргізіледі. Оларды ұстауға Интерпол көмектеседі. Биыл қаңтарда Анкарада біз Түркияның Ішкі істер министрлігімен және Интерпол Бас хатшылығымен кездесу өткіздік. Қазіргі уақытта әр түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеудегі 12 қылмыскер Түркияда ұсталды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Жалпы Қазақстан аумағынан тыс жерде барлығы 38 адам ұсталған, оның ішінде Түркия, Испания, АҚШ, Швеция, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері және Польша сияқты алыс шет елдерде - 19. Ресей, Қырғызстан, Грузия және Өзбекстан сынды таяу шет елдерде де - 19. Шетелдік әріптестер үшін Қазақстан полициясы ел аумағында 150 қылмыскерді ұстаған.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясы үшін - 92, Өзбекстан үшін - 30, Қырғызстан үшін - 16, Тәжікстан үшін - 8, Армения үшін - 3 және Әзірбайжан үшін - 1 қылмыскер.

"Іздеуде жүрген қылмыскер Дубай қаласында ұсталып, елге әкелінді. Ол 2010 жылы банктен 300 миллионға жуық теңгені иемденген. Сонымен қатар Польшада тағы бір қылмыскер ұсталды. Ол 2016-2019 жылдары Астана қаласында бір компанияның бухгалтері болып жұмыс істеп, 400 миллион теңге жымқырған", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Одан бөлек, жыл басынан бері республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 259 адамның орналасқан жерін анықтаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети