06 наурыз 2024 09:06

Ұлттық банк тағы көшеді. Астанадағы жаңа ғимарат қандай және қай жерде?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада Ұлттық банк ғимараты салынып жатыр. Ол қандай болады және қай жерде салынады - Tengrinews.kz материалында.


Астанада Ұлттық банк ғимараты салынып жатыр. Ол қандай болады және қай жерде салынады - Tengrinews.kz материалында.

Ұлттық банк тағы көшуге дайындалып жатыр. Редакция сауалына берген жауабына сәйкес, Астанадағы EXPO аумағында, Мәңгілік Ел даңғылы мен Тұрар Рысқұлова көшелері қиылысында Ұлттық банктің жаңа ғимараты салынып жатыр.

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Пайдалануға берілгеннен кейін, қазір "Аура" бизнес орталығында орналасқан Ұлттық банктің орталық аппараты жаңа ғимаратқа көшеді деп күтіледі. Бұл жалға берілетін кеңсе үй-жайлары екені айтылған.

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Әкімшілік ғимараты ауданы 23,4 мың шаршы метр болады, 12 қабат. Ғимарат 1060 жұмыс орнына арналған. Құрылыс жұмыстары шарт бойынша жұмыстарды жүргізу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Ағымдағы кестеге сәйкес құрылысты аяқтау жылдың аяғына дейін жоспарланған", - деп жауап берді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақпараттың құпиялылығына байланысты ай сайынғы жалдау ақысы жарияланбайды, сауалға берілген жауапқа сәйкес, бұл жалға берушімен жасалған келісім шарттарда қарастырылған.

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Еске салайық, 2020 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті Алматыдан Астанаға көшіру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Ұлттық банктің орталық аппараты 2020 жылдың маусымында Астанаға көшті. Ақша-несие реттеушісінің кеңсесі Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети