06 ақпан 2015 11:25

Абайдың 170 жылдығы оның туған өлкесінде ауқымды тойланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай Құнанбайұлы. Әбілхан Қастеев картинасының репродукциясы Абай Құнанбайұлы. Әбілхан Қастеев картинасының репродукциясы

Биыл ұлы Абайдың отанында оның 170 жылдығы кең көлемде тойланады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. 


Биыл ұлы Абайдың отанында оның 170 жылдығы кең көлемде тойланады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. 

Қазақтың ұлы ойшылының 170 жылдығына арналған негізгі іс-шаралар оның туған жері - Жидебайда өтеді. Оларға қоғамдық ұйымдар, ғылымның, мәдениет пен өнердің және бизнестің өкілдері қатысады. 

Облыста бекітілген кестенің шеңберінде ағылшын композиторы, Британ империясының Аса жоғары орденінің командоры Карл Дженкинс жазған "Абай - Шәкәрім" ораториясы орындалатын үлкен концерт болады. Сонымен бірге, 21 наурыз - Бүкіләлемдік поэзия күні "Абай поэзиясы" фестивалі мен Абай шығармалары бойынша түрлі концерттер және оның қара сөздері бойынша шағын спектакльдер ұйымдастырылады. 

"Сонымен қатар, "Абай рухани орталығы" мен сирек кітаптар мұражайының таныстырылымы, суретшілердің ойшыл ақын шығармалары бойынша иллюстрацияларының көрмесі, "Ғасырлармен үндескен асыл қазына" ретро-көрмесі, "Семей - еліміздің рухани-мәдени астанасы" көрмесі, кітаптар көрмесі, абайтану онлайн-дәрістері, ақындар айтысы, жастар байқауы ұйымдастырылатын болады. Жазға қарай Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметіне арналған "Абаймен бірге өтетін күндер" туристік бағыты іске қосылады", - делінген хабарламада. 

Ұлы ақынның 170 жылдығына орай Өскемен мен Семей қалаларында "Біздің Абай" электронды кітапханасы ашылады, Абай атындағы кітапхананың сайтында сирек кездесетін кітаптар қорынан "Абай оқыған кітаптар" виртуал көрмесі орналасатын болады. Мерейтой "Жидебай - Бөрілі" мұражай кешенінде қорытындыланады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай Абайдың әдеби-мемориал мұражайының сайтында виртуал 3D-саяхат ашылғаны хабарланған еді. Қазақ халқының ұлы ақынының музейіне келем деушілер ендігі уақытта мұражайдың көрме залдарына, экспонаттар мен қазақ әдебиеті тарихының бөлігіне үйден шықпай-ақ серуен жасай алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети