27 мамыр 2014 16:13

Алматыда әскерилер арасындағы әлем чемпионаты басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото chm2013.kfb.kz сайтынан Фото chm2013.kfb.kz сайтынан

Бүгін Алматыдағы "Достық" спорт сарайында бокстан әскерилер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Бүкіләлемдік біріншілік Халық қаһарманы, еліміздің бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовті еске түсіруге арналып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін Алматыдағы "Достық" спорт сарайында бокстан әскерилер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Бүкіләлемдік біріншілік Халық қаһарманы, еліміздің бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовті еске түсіруге арналып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

55-ші рет жалауын желбіреткелі отырған әскерилер арасындағы әлем чемпионатына Колумбия, Франция, Шри-Ланка, Бразилия, Оңтүстік Корея, Алжир, Марокко, Германия, Моңғолия, Италия, Қытай, Ресей, Голландия, БАӘ, Тунис, Грузия, Ирак, Нигерия және Қазақстан боксшылары қатысады.

Аталмыш чемпионатта ел намысын қорғайтын Қазақстан боксшыларының арасында ұлттық құраманың төрт өкілі бар. Олар – Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ералиев (56 келі), 2013 жылғы ел чемпионы Сағадат Рахманқұлов (69 келі), 2013 жылғы ел чемпионатының күміс жүлдегері Асқар Абдуллаев (91 келі) және 2013 жылғы ел чемпионатының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев (+ 91 келі).

Жалпы, Қазақстан боксшылары әскерилер арасындағы әлем чемпионатында бірнеше рет жеңімпаз атанып, жүлдегер атанған. Жүлдеге қол жеткізген былғары қолғапты шеберлеріміздің айтпағанның өзінде, 2004 жылы Серік Сәпиев, ал 2010 жылы Берік Әбдірахманов пен Мерей Ақшалов топ жарып, саф алтынға қол жеткізген. Қамшыбек Қоңқабаев дәл сол 2010 жылы қола жүлдегер атанған болатын. Енді өз жерімізде одан да бағалы жүлдеге қол жеткізуге тырысатын шығар.

ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Орталық әскери спорт клубының басшысы Ерлан Таласбаев пен әскери құрамамыздың бапкері Дәурен Жолдасов боксшыларымызға үлкен сенім артып отыр.

Әскерилер арасындағы әлем чемпионаты 4 шілдеге дейін созылады. Мамандар "біздің жігіттердің негізгі қарсыластары қарымды құраммен келген Ресей, Моңғолия, Бразилия, Оңтүстік Корея боксшылары болуылары керек" деп отыр.

Біз өз кезегімізде әскери шенді боксшыларымызға жеңіс тілейміз. Ел намысын абыроймен қорғауларына тілектеспіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети