18 мамыр 2014 14:33

Боксшыларымыз Хабаровскіде тоғыз жүлде жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kfb.kz сайтынан Фото kfb.kz сайтынан

Бокстан Хабаровскіде (Ресейде) өткен, Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде Қазақстан боксшылары 9 медаль (2 алтын, 4 күміс, 3 қола) еншіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР бокс федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бокстан Хабаровскіде (Ресейде) өткен, Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде Қазақстан боксшылары 9 медаль (2 алтын, 4 күміс, 3 қола) еншіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР бокс федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жартылай финал

Мырзағали Айтжанов бастап барған Қазақстан құрамасының күрзі жұдырықты жігіттері 17 мемлекеттің боксшылары қатысқан турнирде тәп-тәуір өнер көрсетті. Әсіресе, жартылай финалға дейін.

Бұған дейін бес боксшымыздың финалға шыққандарын жазған болатынбыз. Өкінішке қарай, жартылай финалдық жекпе-жектердің екінші бөлімінде сынға түскен төрт жігітіміздің біреуі ғана жеңіске жетіп, ақтық сынға шықты. Қалған үшеуі қола жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды.

Ең ауыр салмақтағы (+91 келі) Нұржан Бекзатов Азия чемпионатының қола жүлдегері, Иран алыбы Делавари Ясемды 2:1 есебімен ұтып, финалға шықты. Осы жерде айта кеткеніміз жөн болар, Иран боксшысы ширек финалда Ресей құрамасы сенім артқан, аталмыш турнирде екі рет топ жарған Андрей Афонинді тура осындай есеппен ұтқан болатын.

Ал екі боксшымыз Әзірбайжан жігіттеріне есе жіберіп алды. Атап айтқанда, 56 келіде бақ сынаған Ержан Ордабаев Турал Ахмедовтан 0:3 есебімен, 69 келіде ел намысын қорғаған Сағадат Рахманқұлов Алматыдағы әлем чемпионатына қатысқан Парвиз Багировтан 1:2 есебімен ұтылып қалды.

91 келіде сынға түскен Антон Пинчук тәжірибелі Украина боксшысы Сергей Радченкодан аса алмай, 1:2 есебімен жол беріп, екінші жыл қатарынан Коротков мемориалында қола жүлдегер атанды.

Финал

Финалда бізге бұйырғаны екі алтын болды. Төртеуі жеңіліске ұшырап, күміс жүлдені көңілге медеу тұтты. Жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілгендер – Жәнібек Әлімханұлы мен Нұржан Бекзатов.

75 келі салмақта ойнақ салған, 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы финалда Иран боксшысы Арагидалг Яхангирден 3:0 есебімен басым түсті. Ал Нұржан Бекзатов тура осындай есеппен, өзімізге жақсы таныс, Венгрия алыбы Иштван Бернатты жеңді.

Жоғарыда жазғанымыздай, қалған төртеуі ұтылып қалды. 49 келідегі Жомарт Ержан Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы Василий Егоровқа есе жіберіп алды – 0:3. 52 келідегі Әділет Құрметов КХДР боксшысы Ли Чунг Лиден тура осындай есеппен ұтылды.

64 келідегі Айдар Әмірзақов ресейлік Виктор Миргородқа төрешілердің екі айырылған шешімдерімен жол берді – 1:2. 81 келідегі Дәурен Елеусінов те Еуропа чемпионы, ресейлік Никита Ивановтан тура осындай есеппен (1:2) ұтылды.

Сөйтіп, Коротков мемориалы аяқталды. Жалпы командалық есепте Ресей бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Қазақстан құрамасы иеленді. Әзірбайжан боксшылары үшінші болды.

Қазақстан – 9 медаль

Алтын
Жәнібек Әлімханұлы (75 келі)
Нұржан Бекзатов (+91 келі)

Күміс
Жомарт Ержан (49 келі)
Әділет Құрметов (52 келі )
Айдар Әмірзақов (64 келі)
Дәурен Елеусінов (81 келі)

Қола
Ержан Ордабаев (56 келі)
Сағадат Рахманқұлов (69 келі)
Антон Пинчук (91 келі).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети