21 қыркүйек 2016 12:22

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін қашан өткізетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әуесқой бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жақында кәсіпқой бокстағы алғашқы дебюттік кездесуін өткізеді, - деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.
 
Осы жылдың 29 қазанында Алматыда Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағына таласады. Бұл жерлесіміздің 22-ші кездесуі болмақ. Ол бұған дейін 21 кездесудің барлығында жеңіске жеткен. Қанат ганалық Патрик Аллотеймен жолығады.

Осы бокс кешінің андеркартында тағы бірнеше қазақ боксшылары өнер көрсетеді. Олардың арасында Жанқош Тұраров, Айдар Шәріпбаев, Айдос Ербосынұлы, Әли Ахмедов, Руслан Мырсатаев және Жәнібек Әлімханұлы бар. Соңғысы алғаш рет кәсіпқой бокс рингіне шықпақ.

Рио Олимпиадасының қатысушысы үшін бұл дебюттік кездесу. Қарсыласы - колумбиялық Милтон Нунез. Ол бұған дейін шаршы алаңда 50 кездесу өткізген. Соның 33-інде жеңіске жеткен.

Бірақ боксшы кәсіпқой боксқа ауысу туралы әзірге толық шешім қабылдамаған. Нақты шешімді алдағы уақытта қабылдайтын болады. Әзірге ұлттық құраманың демалысын пайдаланып, өзін кәсіпқой бокста бір мәрте сынап көруді жөн санап отыр екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети