Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Әлемдік деңгейдегі әуесқой бокста әділдік аз - Жәнібек Әлімханұлы

23 Қыркүйек 2016, 17:38
0
© Өмірбек Сансызбай
© Өмірбек Сансызбай

75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Жәнібек Әлімханұлы әуесқой бокста әділетсіздіктер көптеп орын алатынын мәлімдеді. Бұл оның кәсіпқой боксқа ауысуына себеп болыпты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Әуесқой бокста жүргеніме 4 жыл болды. Талай байрақты бәсекелерге қатыстым. Шыны керек, әлемдік деңгейдегі жарыстарда әділдік аз деп ойлаймын. Сол себепті кәсіпқой боксқа ауысып жатырмын. (...) Жоспар бойынша, жартылай финалда - кубалық, финалда - өзбекпен жұдырықтасуды жоспарлаған едік. Алайда Камраннан алғашқы 2 раундта ұтылып жатқанымды білмедім. Өйткені, жеңіп жаттым деп ойладым. Үшінші раундта білгеннен кейін ғана жарақатқа қарамастан, ашық айқасқа көштім. Бірақ, бәрі кеш еді..." - дейді боксшы.

Осыған дейін, Massaget.kz басылымы кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін деген қазақстандық боксшылардың тізімін жасаған болатын. Бұл туралы сұқбат барысында Жәнібек Әлімханұлы да айта кетті.

"Ұлттық құрамада көп өзгерістер орын алып жатыр... Мен ғана емес, бірнеше танымал боксшыларымыз әуесқой бокстан кетпекші. Олардың бірі кәсіби боксқа бет бұрса, енді бірі жасының келуіне байланысты бокспен қош айтысуда. Алдағы уақытта Данияр Елеусіновті да кәсіпқой бокстан көріп қаласыздар", - деді.

Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасатын кештің басты жекпе-жегінде танымал қазақстандық боксшы Қанат Исламшаршы алаңға көтеріледі. Ол кәсіпқой рингте  алғашқы кездесуін өткізгелі отырған Жәнібекке сәттілік тілеп, өз ойын білдірді.

"Үлкен спорт - сондай қатыгез, кейде ауыр болады. Бір жеңілістен кейін спорттан қол үзсеңіз, ол - сіздің әлсіздігіңіз. 12 раундқа мықтының мықтысы шыдайды. Қазақтың жігіттеріне осы кәсіпқой бокс жақындау сезіледі. Менің өзім де әуесқой бокста болдым. Көптеген келеңсіз жағдайларға тап болған сәттерім де болды. Сондықтан да кәсіпқой боксты таңдадым. Сол секілді бүгін Жәнібек те кәсіпқой боксқа кетті-ау деп ойлаймын", - деді Қанат Ислам.

Әуесқой бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жақында кәсіпқой бокстағы алғашқы дебюттік кездесуін өткізеді. Қарсыласы - колумбиялық Милтон Нунез. Ол бұған дейін шаршы алаңда 50 кездесу өткізген. Соның 33-інде жеңіске жеткен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай