06 қаңтар 2020 09:20

Сауль Альварес 60 миллион доллар тұратын яхтасын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/canelo © instagram/canelo

Мексикалық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBC және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес 60 миллион доллар тұратын яхтасын көрсетті, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.


Мексикалық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBC және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес 60 миллион доллар тұратын яхтасын көрсетті, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.

Боксшының лақапаты жазылған яхтаның видеосын спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Видео Багам аралдарында демалыс кезінде түсірілген. "Рахаттанып жатырмын", - деп жазды "Канело" видеоның сипаттамасында.

View this post on Instagram

A post shared by Saul Alvarez (@canelo) on


2018 жылы Сауль Альварес DAZN-мен бес жылдық келісімшартқа қол қойды, онда ол 11 жекпе-жек үшін 365 миллион доллар алады. Қазіргі уақытта ол үш жекпе-жек өткізді, 2 қарашада ресейлік Сергей Ковалевті нокаутқа түсірді. Келесі жекпе-жекті мексикандық мамыр айында өткізеді. Қарсыласы әлі белгісіз.

2019 жылы The Ring журналы "Канелоны" салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшы деп атады. Бүгінгі таңда ол ең жоғары ақы төленетін боксшы. 2018 жыл қазаннан бастап 2019 жылдың 20 наурызына дейін жеке келісімшарт бойынша тарихтағы ең жоғары ақы төленетін спортшы болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети