19 мамыр 2014 18:26

Шкодер шаршы алаңынан үш алтын алдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото confederation.kz сайтынан Фото confederation.kz сайтынан

Бокстан Албаниядағы халықаралық дәстүрлі турнирге қатысқан жігіттеріміз де еліміздің абыройын асқақататып, үш алтын және бір күміс жүлде олжалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бокстан Албаниядағы халықаралық дәстүрлі турнирге қатысқан жігіттеріміз де еліміздің абыройын асқақататып, үш алтын және бір күміс жүлде олжалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Хабаровскіден 9 медаль (2 алтын, 4 күміс, 3 қола) еншілеп, Ташкентте ең ауыр салмақта жеңімпаз атанған Қазақстан боксшыларының жеңісті жолы Албанияда да жалғасын тапты.

Осы елдің Шкодер деген қаласындағы XI халықаралық "Влазниа мемориалы" турниріне қатысқан шағын ғана құрамымыз (бес боксшымыз) үш алтын, бір күміс медаль жеңіп алды.

Албаниядағы дәстүрлі турнирге біздің бес боксшымызды Александр Стрельников бастап барған болатын. Қатысушылар аса көп болмапты. ҚР бокс федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, жеті мемлекеттен 28 былғары қолғап шебері бақ сынаған.

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде біздің елдің екі боксшысы финалда кездесіп, Біржан Жақыпов әлем чемпионы деген дардай атағына кір келтірмей, өзіміздің Ерлан Тамемовтан басым түскен.

56 келіде сынға түскен, 2013 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Жанболат Тілегенұлы жергілікті Албания боксшысы Мауро Каниді жеңген.

Ал ең ауыр салмақтағы (+ 91 келідегі) 2013 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Алексей Севостьянов Черногория боксшысы Марио Радоничті ұтып, аталмыш турнирдің жеңімпазы атанған.

Сөйтіп, Албанияның дәстүрлі турниріне біздің елден барған боксшының ішінде тек 64 келідегі Алмасбек Шымбергенов қана жүлдеге іліге алмаған. 2013 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Албания рингіндегі алғашқы жекпе-жегінде жергілікті Анхель Меркохасаничтен 1:2 есебімен ұтылып қалыпты.

Хабаровскідегі, Ташкенттегі және Шкодердегі халықаралық турнирлер дәл қазір біздің боксшыларымыздың деңгейлері жаман емес екендігін көрсетеді. Ендігі сынақ – бұлардан да маңызды. Нақтырақ айтқанда, оған әлемнің нағыз таңдаулы боксшылары қатысады.

Күрзі жұдырықты жігіттеріміздің дәл қазіргі деңгейлеріне өлшем бола алатын – бірден-бір сын. Бұл – Германияның Галле қаласында өтетін, кіші әлем чемпионатына баланатын "Chemistry Cup" халықаралық турнирі. Ескерте кетейік, әйгілі Галле турнирі 26 мамырда басталып, 1 маусымда аяқталады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети