Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Дычко Ташкентте топ жарды

18 Мамыр 2014, 17:31
0
Фото kfb.kz сайтынан
Фото kfb.kz сайтынан

Бокстан ең ауыр салмақтағы еңгерзедей Иван Дычко Ташкентте өткен Сидней Джаксонды еске түсіруге арналған халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дычко Өзбекстан астанасында үш жекпе-жек өткізді. Әуелі Әзірбайжан боксшысы Асеф Асланлыға басымдық танытты. Бұдан кейін, яғни жартылай финалда өзбек Баходыр Джалоловты жолынан тайдырды. Екеуінде де төрешілер жеңісті бір ауыздан Иван Дычкоға берді – 3:0.

Финалда өзбектің көпшілікке танымал, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Алматыдағы әлем чемпионатына қатысқан Мирзохиджон Абдуллаевпен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Өзбек оғланы өз жерінде жергілікті жанкүйерлерді қуанышқа бөлегісі келіп, қанша тырысса да, техникалық шеберлігі мол Иван оған дес бермеді.

Сөйтіп, Алматыдағы әлем чемпионатынан кейін үлкен спорт дуынан біраз уақыт қол үзген Иван шаршы алаңдағы жетістікке толы өнерін Ташкенттегі жеңісімен қайта сабақтады.

Өкінішке қарай, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Иран, Түркия, Қытай, Қырғызстан және Түркіменстан елдерінің 150-ден астам боксшылары сынға түскен Джаксон мемориалында басқа жігіттеріміз жүлдеге іліккен жоқ. Негізі, өзбек шаршы алаңында Закир Сафиуллин (60 келі), Алмасбек Орынғалиев (69 келі), Сапарбай Айдаров (75 келі), Нұрдәулет Жарманов (81 келі) сынды қайыс қолғапты қырандарымыз да бақ сынаған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай