07 ақпан 2017 14:10

Асанәлі Әшімов жаңа фильмде жалғызбасты қарттың рөлінде ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Асанәлі Әшімов "Қазақфильм" киностудиясы жобасында басты рөлде ойнайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Асанәлі Әшімов "Қазақфильм" киностудиясы жобасында басты рөлде ойнайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Беткейдегі бұталар көлеңкесінде" (шартты атауы) атты жаңа толықметраж көркем фильмінің өндірісі басталды. Фильмнің режиссері - "Сіз кімсіз, Ка мырза?" фильмі арқылы танымал Қуат Ахметов. Фильмде басты рөлде биыл мамыр айында 80 жасқа келетін Асанәлі Әшімов сомдайды.

"Идея авторы Асанәлі Әшімов. Ол 2014 жылы маған елден шалғай тұратын жалғызбасты қарт туралы фильм түсіруді ұсынды. Асанәлі ағаның ойы бойынша қария - дала философы, түрлі ғылымға қызығатын адам", - деді фильмнің режиссері Қуат Ахметов.

Қазіргі таңда картина дайындық кезеңінде: актерлер таңдау, реквизиттер дайындау және декорация тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр. Түсірілім жұмыстары үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларына жоспарланған. Сценарийін Хуат Ахметов пен ресейлік кинодраматург Одельша Агишев түркі халықтарының аңыз-әңгімелері негізінде жазған.  

"Бұл жобаны іске асыру туралы ұсыныс айтқалы бері түрлі жанрдағы талай сценарий жазылды. Алайда ол сценарийлерде менің көрермендерге айтар ойым дұрыс жеткізілмеген болатын. Сондықтан да Қуат екеуміз драматургты көп іздедік. Ақыры драматург табылып, бұл мәселе оң шешімін тапты. Қазір түсірілім жұмыстарын асыға күтіп отырмыз", - деді Асанәлі Әшімов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети