27 қазан 2014 12:40

"Бастау" кинофестивалінің жеңімпаздары белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Бастау" кинофестивалі ұйымдастырушылары ©"Бастау" кинофестивалі ұйымдастырушылары

"Бастау" студенттік фильмдер мен киномектептердің ІV Халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздары жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Бастау" студенттік фильмдер мен киномектептердің ІV Халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздары жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бастау" кинофестивалінің бас жүлдесі екі туындыға берілді - режиссер Олжас Ермекбаевтың "Концерт" (Ресей) және Руслан Акунның "Перелом" (Қырғызстан) фильмдері. Үздік әйел рөлі сыйлығын "Арал-тур International" лентасындағы рөлі үшін Венера Қайыржанова алды. Ал үздік ер адам рөлін Housekeeper ("Экономка") фильміндегі рөлі үшін молдовалық Серджи Силиге бұйырды. 

"Үздік операторлық жұмыс" аталымында Михаил Квирикадже алды ("35/13", Ресей), актердің қатысуынсыз түсірілген үздік фильм үшін Босния және Герцеговина елінің режиссері Вчесна Варта марапатталды, ал актердің қатысатын фильмі үшін - чехиялық Мартин Мач жеңімпаз деп танылды.

Фестиваль қазылар алқасында грузин режиссері Гергий Гогиберидзе, Әділхан Ержанов, актер Әзиз Бейшеналиев, Ресей кинематографистері және журналистер одағының мүшесі Григорий Тараненко және Әзірбайжан халық әртісі Октай Маркасимдер болды. "Бастау" кинофестивалі Алматыда 22-26 қазан аралығында өтті. Аз уақыттың ішінде ұйымдастырушылар 25 елдің студенттері мен жас кинематографистерінен 190-нан астам өтініш қабылдады. Фестивальдің негізгі мақсаты - жалпы кәсіби деңгейді дамыту, олардың жұмысын қолдау және дамыту, түрлі жанрлардағы кинофильдер жасауға қызығушылықты арттыру.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети