05 тамыз 2023 08:54

12 миллион теңгеден астам ақшаны иемденген ресейлік жалдамалы алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

29 шілдеде Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті CyberPol қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстады.

Ол Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 миллион теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.

Күдікті Орал полиция басқармасына қарасты уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети