06 шілде 2023 10:08

Ақмола облысында қаңғыбас иттердің етін сатқан ер адамға қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Polisia.kz Polisia.kz

Ақмола облысында қаңғыбас иттердің етін сатқан азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Ер адамға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақмола облысында қаңғыбас иттердің етін сатқан азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Ер адамға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпан күні Шортанды ауданы Дамса кентінің 41 жастағы тұрғынына қатысты жануарларға қатыгездік көрсету туралы қылмыстық іс тіркелген болатын. Ер адам қаңғыбас иттерді ұстап алып, олардың етін сатқан. Тінту кезінде ер адамнан 750 келі ит еті табылды.

Астана қаласындағы кафелердің бірінің иесі бұрын күдіктіден 150 келіге жуық ет сатып алғанын, ол үшін 100 мың теңгеден астам ақша төлегенін айтты.

Полиция қызметкерлері ер адам бұрын ветеринарияда жұмыс істеген және иттерді қалай атуға болатынын білгенін анықтаған. Тәртіп сақшылары тінту барысында күдіктіден Аделин-супер препаратымен 26 дана дарт, 190 дана дартпен 19 пластинка, қызғылт түсті 11 дарт, көк түсті бір дарт, инесі бар шприц, мылтықтың дүм қолсабы, мойыны табылды, олар соттан кейін жойылды.

Айта кету керек, қылмыстық іс қабылданғаннан кейін Шортанды ауданы полиция бөлімінің анықтаушысы істің 4 томдық материалына қарамастан, екі апта ішінде хаттамалық нысан бойынша материалды сотқа беріп үлгерді.

26 маусым күні Шортанды ауданы сотының ер адамға қатысты үкімімен 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл 690 мың теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети