31 наурыз 2014 17:22

Алаяқтар зейнеткердің 1,5 миллион теңгесін ұрлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото dvinsk.lv сайтынан Фото dvinsk.lv сайтынан

Ақмола облысының Степногорск қаласында бір топ алаяқтар әлеуметтік қызметкердің атын жамылып, зейнеткердің 1,5 миллион теңгесін ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 наурызда Стпеногорск қаласының ішкі істер департаментіне жергілікті тұрғынның атынан шағым түскен. 1930 жылы туған кейуананың айтуынша, белгісіз екі адам оны алдап-арбап, 1,5 миллион теңгесін қолды қылған. "Алаяқтар өздерін әлеуметтік сала қызметкерлері ретінде таныстырып, зейнеткердің ақшасын ауыстыру қажет деп, көп ұзамай, іздерін жасырған", - делінген ресми хабарламада.

Алайда тәртіп сақшылары алаяқтарды қолға түсірді. Олар 1989 жылы туған ер адам және 24 жастағы келіншек болып шықты. Степногорск қаласына Алматы облысынан келген екен. Алаяқтар уақытша қамау абақтысына тоғытылды. Қазір полицейлер олардың осы іспетті басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети