15 қыркүйек 2015 12:31

Алматыда 10 жастағы қызды зорламақ болған педофилге жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнежазбадан алынған кадр Бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда 10 жастағы қызды зорламақ болған педофилге жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда 10 жастағы қызды зорламақ болған педофилге жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015 жылдың мамырында оқушы қыз балаға ер адамның тиіскені бейнеленген видео Интернетте пайда болған еді. Педофилдің барлық әрекеті үйдің кіреберісіндегі видеокамераға жазылып қалған болатын. Осыдан кейін полиция күдіктіге іздеу жариялады. 19 мамырда ер адам ұсталды. Күдікті 1963 жылғы, ол еш жерде жұмыс істемейтін болып шықты.

Айта кетейік, Осинский кінәсін мойындаған жоқ. Ол есін білмейтінін айтты. Дегенмен сот сараптамасы ер адамның денсаулығы жақсы екенін анықтады. Сот оны "Сексуалды мәндегі зорлық-зомбылық әрекеті" бабы бойынша кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, сот оны педагогикалық және тәрбиелеуші қызметтерімен айналысу құқығынан да айырды.

Осинский жазасын өтей отырып, алкоголизмнен емделетін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети