09 қаңтар 2024 15:53

Астанада ер адам әйелінің туысын 10 миллион теңгеге өлтіруге тапсырыс берген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада әйелінің туысын тапсырыспен өлтіруді жоспарлаған ер адамға қатысты іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық сотқа сілтеме жасап.


Астанада әйелінің туысын тапсырыспен өлтіруді жоспарлаған ер адамға қатысты іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық сотқа сілтеме жасап.

2023 жылдың 3 қарашасында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тапсырыспен адам өлтіру ісі бойынша екі ер адамға үкім шығарды.

"Сотталушы Ш. алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіруге дайындықты ұйымдастырғаны үшін 10 жылға, ал Н. көмек көрсеткені 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Сот мәліметінше, сотталушы Ш. сотталушы Н.-ны әйелінің әпкесін 10 миллион теңгеге өлтіруге жалдаған. Қылмысты жасауға түрткі болған, сотталушы Ш.-ның әйелінің туысы сақтауға қалдырған ақшаны жұмсап қоюы.

"Өз кезегінде сотталушы Н., өзінің досы В.-ға адам өлтіруді ұсынады. Алайда В., бұл туралы полицияға хабарлаған. Полицейлер адам өлтіруге тапсырыс беруші мен сыбайласты ұстау үшін жәбірленушінің жалған өлімін ұйымдастырып, күдіктілерді ұстады", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Қорғаушы тарап апелляциялық шағымында үкіммен келіспей, Ш. мен Н. жәбірленушіні өлтіруге емес, оның ақша туралы біраз уақытқа ұмытуын көздеп, тек ұрып-соғуға тапсырыс бергенін айтты.

"Алқа сотталғандардың кінәсі куәгердің жалданған кісі өлтіру орындаушысы В.-ның тұрақты айғақтарымен, әңгімелесу стенограммасымен, тәркіленген заттай дәлелдемелермен толық дәлелденген деген қорытындыға келді. Осыған байланысты, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети