29 маусым 2015 17:39

Атырау облысында ер адам көше бойында бір жігітті зорламақшы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Telegraf.nl ©Telegraf.nl

Атырау облысында ер адам көшеде кетіп бара жатқан жігітті зорламақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысында ер адам көшеде кетіп бара жатқан жігітті зорламақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын-ала тергеудің мәліметінше, арақтың қызуымен ер адам түнгі сағат төрттердің шамасында өз жөнімен кетіп бара жатқан жігітке ұрынып, әуелі ұялы телефонын тартып алады да, одан кейін оны ұрып-соғып, жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлейді. "Санасын сасық ой билеген нәпсіқұмардың зымиян әрекетін ақырына дейін жүзеге асыруға жақын маңнан өтіп бара жатқан машинаның жарығы кеселдік келтіріп, ол оқиға болған жерден бой тасалаған", - делінген хабарламада. 

Осы дерекке байланысты "Тонау" , "Қылмысқа оқталу және қастандық жасауға оқталу", "Сексуалдық мәндегі зорлық әрекетін жасау" баптары бойынша соталды тергеу басталды. 

"Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен кісі тонап, ер адамға қатысты нәпсіқұмарлық әрекетін жүзеге асырмақ болған күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға сот санкциясы берілді", - делінген Құрманғазы аудандық сотының хабарламасында.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети