22 маусым 2023 16:11

Атырау облысында терроризмді насихаттаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Атыраулық полицейлер терроризмді насихаттаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Атыраулық полицейлер терроризмді насихаттаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"16 маусымда сағат 07:30 шамасында Атырау облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері терроризмді насихаттады деген күдікпен 39, 39, 35 және 33 жастағы төрт адамнан құралған қылмыстық топты анықтап, ұстады", - делінген хабарламада.

Күдіктілердің бәрі Құрманғазы ауданының тұрғындары. Олар аудан жастарына теріс жат ағымның ілімін насихаттағаны үшін бақылауға алынған.

"Тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен түрлі насихаттық жадынамалар, ұялы телефондар мен екі пышақ тәркіленді. Қазіргі уақытта дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабымен соталды тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети