11 желтоқсан 2016 14:49

БҚО-да әкім жүргізушісінің өлімінің мән-жайын айтып берген жергілікті тұрғын жазалануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да әкім жүргізушісінің өлімінің мән-жайын айтып берген жергілікті тұрғын жазалануы мүмкін, - деп хабарлайды "Мой город"


БҚО-да әкім жүргізушісінің өлімінің мән-жайын айтып берген жергілікті тұрғын жазалануы мүмкін, - деп хабарлайды "Мой город"

Облыстық прокуратура өкілдері БҚО ІІД өкілдерінің ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастағанын хабарлады.

"2016 жылдың 7 желтоқсанда Шалғай ауылының тұрғыны Бобырев Л.А есімді тұрғын ауыл әкімінің жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер айтып, олар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Ол бұл деректерді айтпауы тиіс болатын. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 423-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - деп түсіндірді БҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

"Осы бапқа сәйкес 2 000 айлық есептік көрсеткіш ретінде қылмыстық жаза қарастырылған. Немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді "Мой город" басылымы.

Еске сала кетейік, 2 желтоқсанда БҚО-да ауыл әкімінің жүргізушісі өлі табылған болатын. Оның аузында әйелдің шұлығы болған. Айта кетейік, қазіргі уақытта ауылда тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полицейлер ауылдағы барлық жасөспірімнен жауап алып жатыр. Бірақ құқық қорғау органдарының ешқайсысы әзірше бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ.

Ал кейінірек әкім жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды. Батыс Қазақстан облысындағы Шалғай ауылы әкімінің жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды. Виктор Яковенконың көршісі Леонид Бобарев есімді зейнеткер Tengrinews.kz тілшісіне болған оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети