24 тамыз 2015 11:51

Бір отбасының мүшелерін хайуандықпен өлтірген павлодарлық жындыханаға жіберілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір отбасының мүшелерін хайуандықпен өлтірген павлодарлық жындыханаға жіберілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бір отбасының мүшелерін хайуандықпен өлтірген павлодарлық жындыханаға жіберілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұндай үкім бүгін Павлодар облыстық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында шығарылды. "Сот айыпталушы Ермұрат Иманқұловты қылмыстық жауапкершіліктен босатып, арнайы түрдегі жіті бақылаудағы республикалық психиатрлық ауруханада емделу түріндегі медициналық мәндегі мәжбүрлі шара қолдануды қаулы етті", - деп оқыды судья Әділет Бақтияров. Ем қабылдаудың нақты мерзімі аталмады. 

"Оның ауруханада қанша уақыт емделетінін дәрігерлер шешеді, барлығы оның жағдайының жақсаруына байланысты болады. Қазіргі уақытта Иманқұлов өзіне және қоғамға қауіп туғызады және мәжбүрлі түрде емделуге мәжбүр", - деді Бақтияров.

Осыған дейін медициналық сарапшыларының ер адамның ақыл-есінің ауысқанын айтқаны хабарланған болатын. Сотталушы созылмалы психикалық ауруға шалдыққан - үдемелі әсері бар параноид шизофрениясы. 

Ал туыстары оның жүріс-тұрысынан өзгешелікті байқағанын, алайда мән бере қоймағанын айтып берген еді. Сонымен қатар, туыстары сотта оның жұмыстан босағаннан кейін достарымен сөйлеспей, тұйық бола түскенін, ұйқысынан айырылып, басының ауыратынын жиі айтатынын хабарлады.

Еске сала кетейік, Павлодардағы Торайғыров көшесінің бойындағы үйлердің бірінде бес адамның мәйіті табылған еді. Жаппай кісі өлтіру оқиға 2014 жылдың 27 қазанына қараған түні болды. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, ер адам өзінің жүкті әйелі мен баласын тұншықтырып өлтіріп, ал ағасы мен әпкесін және оның кәмелетке толмаған қызын ұйықтап жатқан сәтінде пышақтаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети