29 қараша 2017 12:05

Қазақстанда заңсыз аң аулаған арабтың көлігі тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

БАӘ азаматы Жамбыл облысында заңсыз аң аулағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аң шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап.

Сот отырысы 2017 жылдың 24 қарашасында Жамбыл облысындағы Сарысу аудандық сотында өтті. Сот үкімімен ер адамға 500 айлық есептік көрсеткіш ретінде (1 134 500 теңге) айыппұл салынды, Toyota Land Cruiser көлігі тәркіленді. 

Сондай-ақ, барлық шетелдік азаматтың БАӘ-ге депортацияланғаны айтылады. 

Еске сала кетейік, 12 қазанда Қызыл кітапқа енгізілген құстарды аулаған БАӘ-нің төрт азаматы ұсталған болатын. Жамбыл облысы мен Оңтүсік Қазақстан облысының шекарасында Біріккен Араб Әмірлігінің төрт азаматы мен жергілікті екі тұрғынның көлігін тексеру барысында 1 сұңқар, 1 безгелдек, 2 қарабауыр мен 2 қоян табылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети