30 қаңтар 2014 14:56

Қырғызстаннан заңсыз әкелінген көліктер әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Марат Әбілов ©Марат Әбілов

Қазақстанға Қырғызстаннан көліктердің контрабандалық жолмен жеткізілгені әшкереленді деп хабарлайды Tengrinews.kz Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қырғызстан полицейлері елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу басқармасымен бірге жеңіл және жүк көліктерінің Қазақстанға контрабандалық жолмен жеткізу деректерін әшкереледі. "Бір апта бұрын Қырғызстан аумағына Volvo FH12, Toyota Camry, Mercedes-Benz, Lexus, DAF, IVECO және басқа да маркалы сегіз жүк және жеңіл автокөлік әкелінді. Олар кедендік рәсімдеу аяқталғанша уақытша сақтау қоймасына жіберілді. Бірақ машиналар қоймаға жеткізілмеген, оның орнына тауар өткізу құжаттарымен бірге белгісіз біреулерге берілген", - дейді көрші елдің құқық қорғау ведомствосының өкілдері. Жедел тергеу шарасы барысында Қырғызстанның орталық кеден қызметкерлерінің уақытша сақтау қоймасы жұмысшыларымен алдын ала сөз байласып, жалған құжат жасап, машиналарды Қазақстан аумағына жөнелтуге көмектескені белгілі болды. Контрабандашылар Қырғызстан бюджетіне 25 мың доллар көлемінде шығын келтірген. Анықталған дерек бойынша "Контрабанда", "Кеден төлемдерінен жалтару", "Қызмет бабын теріс пайдалану", "Жалған құжат жасау және пайдалану", "Қызметтік жалғандық" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети