28 қазан 2021 10:53

Павлодар тұрғынын ұрлады деген 4 күдікті ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Павлодарда 21 жастағы жігітті ұрлап кеткен төрт адамды анықтады. Олардың автокөлігін Қарағанды облысының бір ауылының маңында ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Полицейлер Павлодарда 21 жастағы жігітті ұрлап кеткен төрт адамды анықтады. Олардың автокөлігін Қарағанды облысының бір ауылының маңында ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Такси жүргізушісі 25 қазанда кешке адам ұрланғанын хабарлады. Оның айтуынша, төрт жігіт оның жолаушысын басқа көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.

"Такси жүргізушісінің айтуы бойынша бағытты анықтадық. Дереу "ұстап алу" жоспары енгізіліп, өңірдің жеке құрамы мен жақын маңдағы облыстардың полиция департаменттері жұмылдырылды", - деп хабарлады полициядан.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 26 қазанда сағат 01.20 шамасында Қарағанды облысы Молодежное ауылының маңында күдікті көлікті Павлодар және Қарағанды облыстарының полиция қызметкерлері ұстады. 2000-2001 жылдары туған төрт күдікті ұсталды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды", - деді Мәсімов.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-тармағы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда.

Тергеу жүргізіліп жатқан "Адам ұрлау" бабының санкциясы 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети