10 наурыз 2015 15:39

Петропавлда жер қатынастары бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz мұрағатынан ©Tengrinews.kz мұрағатынан

Солтүстік Қазақстанда жер бөлімінің басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 наурызда СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары шұғыл-іздестіру шарасы барасында қоныстандыру жобаларын жылдам қарап, бекіту үшін бірнеше кәсіпкерлік субъектісінен пара алды деген күдікпен Петропавл қалалық жер бөлімінің басшысын ұстады. 

"8 наурыз күні Петропавл қалалық сотымен күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети