14 қазан 2014 17:22

Сәбиін қоқысқа тастаған анаға үкім шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Табылған сәби. 2014 жылдың сәуірі. ©Tengrinews.kz Табылған сәби. 2014 жылдың сәуірі. ©Tengrinews.kz

Өз баласын қоқысқа тастаған 16 жастағы анаға бостандығын бір жылға шектеу жазасы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың Алматы аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.


Өз баласын қоқысқа тастаған 16 жастағы анаға бостандығын бір жылға шектеу жазасы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың Алматы аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

"Кездейсоқ қуанышты жағдайға орай айыпталушының әрекеті ауыр салдарға соқтырмағанын және оның жас екенін ескере отырып, кінәліге бостандығын бір жылға шектеу туралы үкім шығарылды", - делінген хабарламада.

Атырау облысында туған 16 жастағы қыз өзінің жүкті болғанын білгеннен кейін колледжге оқуға түсуге, сонымен бірге, аяғы ауыр екенін туыстарынан жасыру үшін Астанаға келген. Тергеу қыздың мезгілі жеткен кезде үйде босанғанын анықтады.

"10 сәуірге қараған түні сағат 02.00 шамасында жалға алған пәтерінің жуыну бөлмесінде қыз ешкімнің көмегінсіз, сап-сау қыз баланы босанған. Баланы бағу керек екенін ұғынғаннан кейін ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сәбиді полиэтилен пакетке салып, тұрғын үйдің жанындағы қоқыс контейнеріне тастаған, сөйтіп, оны қасақана қауіпте қалдырған", - дейді аудандық прокуратура өкілдері.

Сол түні қоқыс контейнерлері жанынан өтіп бара жатқан ерлі-зайыпты нәрестенің жылаған үнін естіп қалады. Табылған сәби "суық тию" диагнозымен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Бағы бар бөбекке кейін оны өлімнен құтқарып қалған ерлі-зайыптының фамилиясы берілді.

Алматы аудандық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәби қазір біржарым жаста, оны әлдекімдер асырап алмақшы, қазір тиісті құжаттары әзірленіп жатыр. Сәбиді тауып алған ерлі-зайыпты да оны асырап алмақ болған еді, бірақ Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтығын алып, сол жақта өмір сүріп жатқандықтан, оларға рұқсат берілмеді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети