19 шілде 2023 09:50

Сотта Серік Күдебаевтың елден қашуы туралы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Алматы облыстық соты бұрынғы генерал Серік Күдебаевтың елден қашуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облыстық соты бұрынғы генерал Серік Күдебаевтың елден қашуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Кеген аудандық сотында Күдебаевтың елден қашу ісі қаралды.

"Сотталушы К. 15 наурызда 2023 жылы сағат 04.30 шамасында Кеген ауданында қылмыстық жоспарға сәйкес шекарадан еркін өтуге кедергі жасайтын тікенді сым спиральді қауіпсіздік тосқауылының төменгі сымын көтеру арқылы, Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу пунктінен тыс қасақана шекараны заңсыз кесіп өткен.

Осылайша К. Манас әуежайы арқылы Түркияға ұшып, соттан қашып кеткен. Ұсталғаннан кейін ол Қазақстанға экстрадицияланды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, сот шешімі бойынша Серік Күдебаев 392-бап "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша кінәлі деп танылған болатын. Ол алты айға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети