19 сәуір 2023 13:48

Талдықорған білім бөлімінің қызметкерлері 2 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорған қалалық білім бөлімінің қызметкерлері миллиардтаған қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талдықорған қалалық білім бөлімінің қызметкерлері миллиардтаған қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстады.

"Аталған азаматтар білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына жалақы түріндегі өтеусіз аудару жолымен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жүйелі негізде ұрлады деп күдіктенеді. Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 миллиард теңге", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда істің мән-жайларына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік объектісіне, қымбат автокөліктерге тыйым салынды. Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

"Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі", - деп толықтырды вдеомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети