05 ақпан 2022 10:06

"Тонауға отбасымен келген". Magnum қаңтар оқиғалары кезіндегі кадрларды жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде супермаркеттерді тонаған адамдар саусақ іздері арқылы ізделетін болды. Тонауға келгендердің көбі, мысалы, Magnum дүкендерінде адамдар азық-түлік алмаған да, сол жерде ішіп-жеп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Magnum өкілдері бүлік күндері түсіп қалған видеоларды жариялады. Кадрларда ондаған адам супермаркеттерден қолына түскенін жымқырып жатыр. Арасында жасы да, қарты да бар, ерлер мен әйелдер, бірінде қару бар, бірінде жоқ, маскамен де, маскасыз да жүр. Сауда нүктелерін тонауға бүкіл отбасымен келгендер бар.

Желінің 15 дүкені түгі қалмай тоналған. 11 маркет жартылай тоналған. Тағы үшеуі алдымен тоналып, кейін қиратылған. Magnum тәртіпсіздіктерден 11 миллиард теңгеге шығынға батып отыр. Бір қызығы, кей қарақшылар біраз уақыттан кейін кінәсін мойындап, залалды өтеуге өзі келеді екен.  

"Қазір полицияға ұсталғандар сотта жеңілдіктер болуы үшін залалды өзі өтеуге тырысып жатыр. Біз бас тартпаймыз, камераларға қарап, кім не ұрлағанын қалпына келтіреміз", - деді Magnum сауда желісінің PR-менеджері Дмитрий Шишкин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети