16 ақпан 2024 09:21

Түркия азаматы алтын ісі бойынша Қазақстанға экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжаннан трансұлттық ұйымдасқан топ мүшесі экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әзербайжаннан трансұлттық ұйымдасқан топ мүшесі экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура мен ІІМ қызметкерлері Сыртқы істер министрлігі көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Әзербайжаннан Түркия азаматын экстрадициялады.

"Ол 2020 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден аса алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деп күдіктеледі.

Осы қызметтің нәтижесінде мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін қатысушылар тергеуден жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған", - делінген хабарламада.

2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзербайжан аумағында ұсталған.

"Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған".

Айта кетейік, 2022 жылдың маусымында Астана қаласының соты осы трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысы бар 14 адамды түрлі жаза түрлеріне соттап, олардан мемлекет пайдасына 5 миллиард теңгеге жуық ақша өндіріп алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети