26 желтоқсан 2023 11:37

Іздеу жарияланған қазақстандықтар экстрадицияланатын елдер тізімі жаряланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Іздеу жарияланған қазақстандықтарды экстрадициялау жайлы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Іздеу жарияланған қазақстандықтарды экстрадициялау жайлы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас Прокурор Берік Асылов Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда 2021-2022 жылдары және тергеп-тексеруден және соттан бой тасалаған адамдарды іздеу бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі талқыланды.

Бас Прокурор қылмыскерлерді іздеуде белгілі нәтижелерге қолжеткізілгенін айтты.

"Жыл басынан бері 2552 қылмыскер, оның ішінде адам өлтіргені үшін 30, тонау қылмысын жасаған 81, қарақшылық жасаған 15, алаяқтық жасаған 384, есірткі қылмыстарын жасаған 82 айыпталушы ұсталды", - делінген хабарламада.

Үйлестірілген іс-шаралардың және халықаралық серіктестермен арадағы өзара тығыз байланыстың нәтижесінде шетелдік юрисдикциялардан ауыр және аса ауыр қылмыстар, оның ішінде адам өлтіру, зорлау, қаржы пирамидалары мен ұйымдасқан қылмыстық топ құру қылмыстары бойынша 100 ден аса күдікті елге қайтарылғаны айтылды.

"Бұл ретте экстрадициялау туралы келісімдердің жоқтығына қарамастан, биыл Германиядан, Камеруннан, Польшадан және Швециядан іздеуде жүрген 7 адам экстрадицияланды.

Қазіргі таңда Аргентина, Бразилия, Германия, Грузия, Испания, БАӘ, Польша, Ресей, Сербия, Түркия, Украина, Франция, Чехия және тағы да басқа елдерден іздеуде жүргендерді экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Іздестіру жұмысына цифрлық технологияларды кеңінен қолданудың маңыздылығы, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің барынша интеграциясының нәтижесінде іздеуде жүрген адамдардың мемлекеттік, банктік, медициналық, көліктік және тағы да басқа қызметтерді алғандығы жөнінде уақтылы хабарлау қажеттілігі айтылды.

Талқылау нәтижелері бойынша, оның ішінде "Интерпол" Ұлттық бюросының желісі бойынша, іздестіру қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған методологиялық және заңнамалық кешенді шаралар әзірленген.

Жалпы, қылмыскерлерді іздеу қызметін жақсартуға бағытталған басқа да шаралар ұсынылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети