11 шілде 2020 11:05

Қауіпті антибиотиктер мен бубон обасы. Комаровский жаңа видео түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Танымал украиналық педиатр Евгений Комаровский жаңа видео түсірді. Онда дәрігер антибиотиктерді қажетсіз қолдалану туралы ой жүгіртеді және Моңғолияда анықталған бубон обасының планетада таралу мүмкіндігіне баға береді. Ролик Комаровскийдің YouTube-тегі арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал украиналық педиатр Евгений Комаровский жаңа видео түсірді. Онда дәрігер антибиотиктерді қажетсіз қолдалану туралы ой жүгіртеді және Моңғолияда анықталған бубон обасының планетада таралу мүмкіндігіне баға береді. Ролик Комаровскийдің YouTube-тегі арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, "кез-келген дәрілік препаратты, әсіресе антибиотикті дәрігер жазып бермесе, оны қолдануға болмайды", яғни вирустық инфекция жұқтырған адам "профилактикалық антибиотикотерапияны жасағаны - қылмыс".

Антибиотиктер бактериялық инфекцияларда ғана қолданылады.

"Вирустық инфекция кезінде антибиотиктер ішсек, біз ағзадағы барлық бактерияларды өлтіре алмаймыз, бұл асқынуға әкелуі мүмкін. Біз антибиотикке сезімтал бактерияларды ғана өлтіреміз. Асқынулар осы антибиотикті қабылдағаннан кейін тірі қалған бактериялардан туындайды", - дейді дәрігер. 

Комаровский оның әріптестері неге кейде бұл дәрі-дәрмектерді қажетсіз тағайындайтынын түсіндірді.

"Дәрігерлер бір нәрсені біледі: вирусты инфекция кезінде антибиотик тағайындалмаса, содан кейін өкпе қабынып кетсе, онда адамдар "сен бізге ештеңе тағайындамадың, сондықтан менің өкпем қабына бастады" дейді.

Сондай-ақ, Евгений Комаровский Моңғолияда анықталған бубон обасының әлемге таралуы туралы ойын айтты. Маман бұл аурудың неге шыққан жерінде қалатынын түсіндіреді.

"Адамдар оба коронавирус сияқты ауамен қалқиды деп ойлайды. Жоқ. Кейбір кеміргіштер бар және бұл кеміргіштерде қандай да бір бүргелер өмір сүреді. Олардың ағзасында оба бактериясы көбейеді. Адамды тістегенде сол бүргелер оба жұқтырады. Сөйтіп адам ағзасында бубон обасы дамиды. Бұл лимфа түйіндері қабынады деген сөз. Бұл өліп қалу үшін жеткілікті.

Бірақ адам емделмесе, бактерия обаның басқа түрін - өкпе обасын тудырады. Ондай жағдайда адам ауа-тамшылары арқылы басқаларды жұқтыруы мүмкін", - деп түсіндіреді Комаровский.

Алайда оның айтуынша, бубон обасы өкпеге сирек өтеді. Өйткені бірінші симптомдарды жұқтырудың алғашқы күндерінде байқамау мүмкін емес. Науқас дереу емделе бастайды.

Сонымен қатар, Евгений Комаровский өз шығарылымында таза ауада ойын ойнау кезінде коронавирусты жұқтыру қаупі, симптомсыз науқастар мен аурудың алдын алудағы кейбір халықтық әдістер туралы айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети