28 қараша 2023 17:49

18 жастағы алматылық 50 Cent концертіне жалған билет сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото polisia.kz Фото polisia.kz

Алматы полицейлері концерт билеттерін сатуға қатысты алаяқтықты әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы полицейлері концерт билеттерін сатуға қатысты алаяқтықты әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтықты билет сататын компанияның ресми өкілі атын жамылып, азаматтарды алдаған 18 жастағы Л. есімді тұрғын жүзеге асырған.

"Оның үстіне ол онлайн әрекет етті: билеттерге тапсырыстарды Instagram арқылы қабылдады. Ал әлеуметтік желіде ауқымды жарнамалау үшін қаскөй SMM менеджерін жалдады. Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арызы негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.

Олардың кейбіріне жалған билет сатушы 50 Cent концертіне билеттерді "сатқан". Басқа ықтимал құрбандарды анықтауға бағытталған тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети